Биыл денсаулық сақтау министрлігі 118 мекемені тексереді

Автор: Бақыт Шынар

Енді министрлік жекеменшік медициналық ұйымдарды ескертусіз тексере алады

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі биыл 118  мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, министрлік биылдан бастап жекеменшік клиникалар мен мемлекеттік ауруханаларды ескертусіз тексере алатынын мәлімдеген еді.

«2026 жылға бекіген кестеге сәйкес 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйым тексеріледі. Жылдың алғашқы алты айында 57 ұйымды тексереміз», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.  

Тексеру кезінде комиссия қандай да бір мекемедегі білікті мамандар, тиісті медициналық жабдықта, сондай-ақ белгіленген нормативтерге сәйкес келетін үй-жайлардың болуына басты назар аударады.