$ 505.71  591.43  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2026, 11:30
Қоғам

Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

Сенат тиісті заңды қабылдады  

Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге, еңбек өтілін есепке алу және төлемдерді тағайындау тәртібін айқындайтын құқықтық тетіктерді құруға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады. Мәжіліс 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификацияланған болатын.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы елімізге Моңғолияның 43 352 азаматы кірген, ал 43 001 адам елден шыққан. 2024 жылы бұл көрсеткіш келесіні құрады: 44 240 адам кіріп, 40 916 адам шыққан.

Қазір Қазақстанда Моңғолияның 6 755 азаматы тұрақты тұрады, олардың 6 236-сы – қандастар. 2025 жылы 979 адам тұрақты тұруға рұқсат алған, ал ҚР азаматтығын Моңғолияның 752 азаматы алған, олардың 744-і – қандастар.