Оқиғаның себебі белгілі болды
Кеше, 20 қаңтарда Фукуок-Тараз-Екатеринбург бағыты бойынша ұшқан VSV5322/451 чартерлік рейсі техникалық мәселеге байланысты Таразға қонған. Алайда, рейс бір емес, 23 сағат бойы Тараздан ұша алмай тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Scat компаниясы бұның себебін түсіндіріп, жолаушыларға үш рет ыстық тамақ бергенін мәлімдеді.
«Рейс Тараз қаласына жоспарлы жанармай құю үшін қонғаннан кейін 23 сағатқа кешіккен. Ұшуды күту барысында жолаушыларға үш рет тамақ беріліп, салқын және ыстық сусындар ұсынылған, сондай-ақ күту уақытын жайлы өткізу үшін көрпе-жастық таратылды», - деп хабарлайды компания.
Дереккөзге сүйенсек, қазір компания техникалық жұмыстарын аяқтап, рейсті ұшуға дайындап қойған.