Денсаулық сақтау министрлігі жаңа өзгерісті қарастырып отыр
Медициналық ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі кезең-кезеңімен медициналық қызметті лицензиялаудың бес жылдық мерзімін енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, қазіргі заңға сай, мұндай мекемелер Қазақстанда мерзімсіз лицензия ала алады.
«Медициналық қызметке лицензияның мерзімсіз орнына бес жылдық қолданылу мерзімін енгізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады ДСМ.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мәселе мекеменің 2026 жылға жоспарлаған іс-шаралары аясында көзделген.