Бұл жолғы өзгерістер тұрғын үй жағдайын жақсартуға
2026 жылдың қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы межеден асқан ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін алатын азаматтарды өзгеріс күтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ, Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылдың 13 қаңтардағы бұйрығына сай, ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енді.
Осы өзгерістерге сай, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы электронды өтінішті толтырады. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, пайдалану мақсаты, қолжетімді сома жазылады және ол өтініш берушінің ЭЦҚ-мен расталуы керек.
Еске салайық, бұрын бұл өтініште жеке табыс салығы ұсталып, аудару тәсілі де жазылатын еді.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарға пайдалануға рұқсат бар:
Бұрынғы тәртіпке сай ерлі-зайыпты және жақын туыс адамдар зейнетақы шотындағы ақшаларын бір-бірінің шотына аудара алады. Аталған бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал кейбір нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген болатын.