Елорда ауруханаларында соңғы күндері пневмониямен 200-300 адамнан түсіп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында тұратын жүкті әйелдер ПТР-тестті екі емханада тапсыра алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Қисықова мәлімдеді.
«Қаладағы жүкті әйелдер ПТР-тестті №6 және №9 емханаларда тапсыра алады. Сондай-ақ, өзге азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша немесе өздері тіркелген емханаларда тест тапсырып, тексеруден өте алады», - деді Қисықова.
Маусым айында елордада вирустың таралымының өсуі 2-3% көрсеткіште болған. Пневмониямен маусым айында 1700 науқас түскен. Басқарма басшысының айтуынша, соңғы күндері ауруханаға пневмония диагнозымен 200-300 адамнан түсіп жатыр.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан