Былтыр Қазақстанда 53 мың адам инсульт алған

Автор: Бақыт Шынар

Дәрігерлер инсульттан кейін аман қалатын науқастардың саны көбейгеніне қуанып отыр 

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі былтыр инсульттан кейін емделіп шыққан адамдардың статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының инсульт бөлімшесінің дәрігерлері былтыр ми қан айналымы бұзылған 53 мыңнан астам пациентті емдеген.

«Инсульт - мүгедектік пен өлімнің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан, консультация көмегін дамыту және оның қолжетімділігін арттыру біз үшін басымдық болып қала береді», - дейді дәрігерлер.

Осылайша, соңғы статистикаға сүйенсек, былтыр:

  • 55 мың адамның миына қан шапқан.
  • Оның ішінде, 10 мың адамда геморрагиялық инсульт
  • Тағы 41 мың адамда ишемиялық инсульт тіркелген.

Дәрігерлер инсульттан айығып шығатын халықтың саны артып отырғанын мәлімдеді.