Бұл теріс деректер арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ақша жымқырған
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бөлініп жатқан қаражаттың тиімділігіне жасалған IT-аудит өрескел заң бұзу фактілерін тіркеген. Бұл туралы үкіметтегі кеңес кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, Тәкиев айтқандай, 2026 жылы қорға 2,4 трлн теңге бөлініп отыр. Жыл сайын триллиондаған бюджет теңгесі салынып жатса да, қордың тиімді жұмысы байқалмай отыр, дейді Тәкиев.
Ал, аудит анықтаған заң бұзу фактілерінің арасынан Тәкиев ойға қонымсыз бірнеше деректі мәлім етті.
Оның айтуынша, талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтаған Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.