Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабағын үйінде отырып оқитын болды

Автор: Нұргүл Абай

Елордада бүгін де қатты аяз

Фото: pixabay.com

Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары да онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.

Айта кетері, бүгін таңертең бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері де мектепке барған жоқ.