Жалақыдан салықты заңсыз ұстап келген: қазақстандықтарға 12,8 млн теңге қайтарылды

Автор: Нұргүл Абай

Прокурорлар мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдардан жеке табыс салығы заңсыз ұсталып келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратура атап өткендей, I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жеке табыс салығынан босатылады.

«Алайда заңның тікелей талаптарына қарамастан, жекелеген ұйымдарда мұндай қызметкерлердің жалақысынан салық негізсіз ұсталған. Прокуратура араласқаннан кейін 344 мүгедектігі бар азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, оларға заңсыз ұсталған 12,8 млн теңгеден астам сома қайтарылды», - делінген хабарламада.