13.01.2026, 09:19
Қоғам
Қазақстанда былтыр 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынған
Құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің өсімі барлық дерлік өңірде тіркелген
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда өткен жылы 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратынша, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 20,1 млн шаршы метрге жетті.
Барлық дерлік өңірде құрылысы толығымен аяқталған үйлердің саны өскен. Ең үлкен өсім:
- Жетісу облысында – 11%;
- Алматы облысында – 10,2%;
- Қарағанды облысында – 9%;
- Астанада – 8,5%;
- Қызылорда облысында – 8,4% байқалып отыр.
Сонымен қатар, есепті кезеңде көп пәтерлі үйлердің ауданы 13,5 млн шаршы метрді құрап, 10%-ға артса, жер үйлердің ауданы – 6,4 млн шаршы метр, яғни 3,4%-ға төмендеген.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды