Соңғы уақытта әлеуметтік желіде осындай видеолар көбейген
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект арқылы өлген адамдардың бейнесін «қайта тірілтіп», видео жасауға қатысты пәтуа шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дәлірек айтсақ, Мүфтият дипностальгияны қай уақытта қолдануға рұқсат екенін, ал қандай жағдайда ол күнәға жататынын былайша түсіндірген:
«Дипностальгия (Deep Nostalgia – терең сағыныш) – нейрожелілік алгоритмдер негізінде статикалық портреттерді анимациялау технологиясы. Бұл технологияны көбінесе марқұмдардың бейнесін жандандыру мақсатында қолданады», - деп жазады кіріспе сөзінде Мүфтият.
Дереккөзге сүйенсек, бұл мәселенің үкіміне қатысты қазіргі ғалымдардың арасында бірнеше көзқарас бар:
Дипностальгия (Deep Nostalgia) технологиясын қолдануға болмайды. Олардың негізгі дәлелдері төмендегідей:
Екінші нұсқада дипностальгия (Deep Nostalgia) технологиясын қолдануға болатыны айтылған. Олар «әрбір нәрсенің негізі рұқсат» деген қағидаға сүйеніп, төмендегі шарттарға сай қолдануға рұқсат етеді:
«Психолог мамандарының айтуынша, дипностальгия технологиясы бастапқыда жұбаныш сезімін берсе де, уақыт өте келе эмоционалдық және психологиялық күйзеліс туғызуы мүмкін. Бұл адамды депрессияға, ұйқының бұзылуына, психологиялық тәуелділік және қоғамнан оқшаулану секілді кері әсерлерге алып келуі ықтимал», - дейді Мүфтият мамандары.