Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитын болды

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін қалада қар жауып, жел күшейген

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 12 қаңтар күні екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл ауа райының нашарлауына байланысты шара.

«2026 жылы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты», - деп хабарлайды білім басқармасы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғып тұр.