2025 жылы Қазақстанның ақылы автожолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелген екен. «ҚазАвтоЖол» компаниясы халық көп сапарлаған қалалардың тізімін ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, былтыр қазақстандықтар Алматы-Қонаев және Өзбекстан шекарасына шығатын оңтүстік дәліз арқылы көп жүрген көрінеді.
Жалпы, ақылы учаскелердің рейтингі мынандай:
- 1. Алматы-Қонаев - 11,8 млн
-
- 2. Шымкент-Өзбекстан шекарасы - 9,3 млн
-
- 3. Шымкент-Тараз - 6,5 млн
-
- 4. Тараз-Қайнар - 5,4 млн
-
- 5. Шымкент-Қызылорда - 4,8 млн
-
- 6. Астана-Теміртау - 4,4 млн
-
- 7. Қонаев-Талдықорған - 3,9 млн
-
- 8. Астана-Щучинск - 3,7 млн
-
- 9. Щучинск-Көкшетау - 3,2 млн
-
- 10. Астана-Павлодар - 2,5 млн
-
- 11. Алматы-Қорғас - 2,5 млн
-
- 12. Қостанай-Денисовка - 1,9 млн
-
- 13. Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар-Шымкент) - 1,9 млн
-
- 14. Қызылорда-Арал - 1,8 млн
-
- 15. Көкшетау-Петропавл - 1,7 млн
-
- 16. Балқаш-Бурылбайтал - 1,4 млн
-
- 17. Павлодар-Семей-Қалбатау - 1,3 млн
-
- 18. Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) - 1,3 млн
-
- 19. Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) - 856 мың
-
- 20. Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) - 831 мың
-
- 21. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - 774 мың
-
- 22. Шу-Бұрылбайтал - 707 мың
-
- 23. Қандыағаш-Мақат - 583 мың
-
- 24. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) - 570 мың
-
- 25. Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) - 163 мың
-
- 26. Үшарал-Достық - 101 мың
«Қазір ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы учаске жұмыс істейді», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».