Некеге тұрғандар саны жағынан бес өңір көш бастаған
Қазақстанда 31 желтоқсан күні бес жүзге жуық жұп некесін қидырған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлайтыны жасырын емес. Осылайша, 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді», - делінген хабарламада.
Жаңа жыл қарсаңында ең көп неке тіркелген 5 өңір:
Күнтізбедегі осындай ерекше күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді, деп атап өтті корпорация.