05.07.2020, 21:11
Қоғам
Елорда әкімдігі дәрі бағасының негізсіз өсуін iKomek арқылы қадағалайды
Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды
Фото: ашық дереккөзден
Азаматтар дәрі-дәрмек бағасына қатысты 109 нөміріне шағымдана алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.
«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті