Құтқарушылар ақаулы автокөліктен 3 адамды қауіпсіз жерге шығарды
Ақтөбе облысы 112 қызметінің пультіне Алға–Құмсай автожолында автокөліктің ақаулығына байланысты адамдар қиын жағдайға тап болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді.
Үш азамат Алға ауылына жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді. Эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.