Ақтөбенің құтқарушылары халыққа ерекше құттықтау жасаған

Автор: Алмас Ерсін

Өрт сөндіру көлігіндегі жаңа жылдық ертегі

Видео скриншоты

Өңірлерде жаңа жылдық құттықтау жалғасып жатыр. Мәселен, Ақтөбе қаласының құтқарушылары тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен ерекше әрі есте қаларлықтай құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Құтқарушылар Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, мерекелік шамдармен безендірілген өрт сөндіру автокөлігі қала көшелерін аралады.

Сирена, жарқыраған шамдар мен тұрғындардың шынайы эмоциясы қаланы мерекелік көңіл-күйге бөледі.