Көкпекті ауданында полиция қызметкерлері ерекше акция ұйымдастырды
Жаңа жыл қарсаңында Абай облысының полиция қызметкерлері Көкпекті ауданында балалар мен тұрғындарға ғажайып атмосфера сыйлайтын мерекелік акция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сақшылар Аяз ата мен Ақшақарға айналып, көпбалалы отбасыларды, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің балаларын құттықтады.
Осылайша, олар балаларға жылы лебіз, сыйлықтар мен есте қалатын шынайы эмоция сыйлады.
Мұндай бастамалар игі дәстүрге айналып, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға септігін тигізуде.