Қазақстан ірі қара мал етін экспорттауға квота енгізді

Автор: Нұргүл Абай

Бұл норма жарты жыл бойы күшінде болады

Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі 31 желтоқсаннан бастап Қазақстаннан етті үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне шығаруға арналған квота бөлу ережелері күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тоннаны құрайды», - делінген хабарламада.

Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты айқындалады:

  • бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 бастан бастап — 1 000 тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 бастан бастап — 2 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000 бастан бастап — 3 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 20 000 бастан бастап — 4 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 50 000 бастан бастап — 10 мың тонна.

Квота ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді.