Кейбір демалыс күндері орталықтар жарты күн жұмыс істейді
Жаңа жылдағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 1-2 қаңтарында, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жабық болады. «Сенбі, 3 қаңтар күні кезекші орталықтар таңғы сағат 09.00-13.00 аралығында жұмыс істейді. Ал, 5 және 6 қаңтар күндері орталықтар әдеттегідей ашық болады», - деп хабарлайды корпорация.
Айта кетейік, қазақстандықтар 1 және 2 қаңтар күндері (3 және 4 қаңтар сенбі, жексенбі) сондай-ақ Рождество мерекесіне орай, 7 қаңтар күні демалады.