Ертең жаңбыр жауып, арты қарға ауысады
Синоптиктердің болжауынша жаңа жыл қарсаңында кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын жел күшейеді. Дегенмен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қолайлы болады: түнде 1–9 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 5–13 градус жылыға дейін көтеріледі, алайда 1 қаңтарда мұнда сәл салқындап, 0–5 градус жылы болады.
Астанада қар жауып, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус болады.
Алматы қаласында ауа температурасы салыстырмалы түрде жоғары — 3–5 градус жылы. Күндіз жаңбыр жауып, кейін қарға ауысады.