Құзырлы орган фейк-ақпарат тарағанын мәлімдеп отыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан фейк-ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, қазір 2026 жылдың қаңтар айына арналған зейнетақы 30 желтоқсанға дейін әрі келесі жылғы өсімді ескере отырыптүседі деген фейк-ақпарат тарап жатыр.
«Зейнетақы мен жәрдемақылар өз кестесіне сай төленетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2026 жылдың қаңтар айында төленеді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық төленіп қойған. Еңбек министрлігі зейнеткерлерге зейнетақыны ерте аударамын деген адамдарға код айтпауды ескертіп отыр.