Жүйе дәрі сатылатын дәріханалар тізімін шығарып береді
Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Дәрілік препараттарды іздеуді жеңілдету үшін Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды. «Медицина» бөлімінде «Дәрілер i-teka» белгішесін шертіп, әрі қарай өзіңізге керек дәрінің атауын жазу керек. Жүйе бұл дәрі сатылатын дәріханалардың тізімін шығарып береді», - деді ол.