Түркістан облысында видеоролик үшін жұмыстан қуылған хирург өзге ауруханаға орналасты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол басшылар беретін медициналық қолғаптың сапасыз екенін айтып шағымданған болатын

Түркістан облысы Келес ауданындағы ауруханада хирург болып жұмыс істеген Қайрат Сейдуәлиевтің жұмыстан қуылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Маман өзге ауруханадан жұмыс тапты деп хабарлады Otyrar.kz.

Хирург енді Сарыағаш ауданындағы Орталық ауруханада жұмыс істейтін болады. Оны аталған мекеменің бас дәрігері шақыртыпты. Өйткені, қазіргі пандемия жағдайында өңірде әрбір маман алтынға тең дейді аурухана басшысы.

Еске салайық, Қайрат Сейдуәлиев Келес ауданындағы Абай атындағы ауруханада берілетін медициналық қолғаптардың сапасыз екенін айтып, видеоролик түсірген болатын. Аталған видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Видеокадрда хирург қолғапты қолына киген сәтте, ол жыртылып кетеді. Осы оқиғадан кейін аурухананың бас дәрігері Қайрат Сейдуәлиевті жұмыстан шығарып жіберді. Оның айтуынша, хирургтың үстінен науқастар шағымданған көрінеді.