Астанадағы барлық автотұрақ қаланың коммуналдық меншігіне өтті – Жеңіс Қасымбек

Автор: Нұргүл Абай

Келісімге өткен аптада қол қойылған

Фото: Azattyq Rýhy

Астанадағы барлық автотұрақ қаланың коммуналдық меншігіне берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасында тұрақ саясаты да қарастырылған. Өткен аптада ғана барлық тұрақты қаланың коммуналдық меншігіне өтеусіз беру туралы келісімге қол қойылды. Осы аптадан бастап Астанадағы барлық тұрақ орны коммуналдық қызметке ғана тиесілі, жеке меншікте емес», - деді Қасымбек.