Полиция видео авторын іздеп жатыр
«Қабығымен қосып же»: әлеуметтік желіде қарбыз ұрлаған балаларды жазалау видеосы тарап кетті
Белгісіз ер адамның кішкентай екі баланы қорлаған видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Видеокадрлардан ер азаматтың екі баланы жерге отырғызып, қарбыздың қабығын жегізгені және балағаттағанын анық аңғаруға болады.
Видеоның кіммен және қайда түмірілгені әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, кішкентай балалар өсіп тұрған қарбызды ұрламақ болған. Оларды ұстап алған ер адам қарбызды жерге жарып, оны қабығымен қоса жегізген. Онысымен қоймай, балаларды боқтық сөздермен балағаттайды.
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин болса Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдағанын мәлімдеді. Ол полицейлерден аталған оқиғаның қайда болғанын және балаларды қорлаған адамды табуды талап етуде.
Ішкі істер министрлігі болса аталған видеоны тексеріп жатқандарын айтты.
ЕСКЕРТУ! Видеода балағат сөздер бар.