Биыл Қазақстанда 3 мың адам бостан-босқа сотталып кете жаздаған

Автор: Бақыт Шынар

Іске прокуратура араласып, әділдік орнаған көрінеді

Фото: Бас прокуратура

Бүгін Бас прокуратура 2025 жылдағы жұмысын қорытындылап, бірнеше мәселеге қатысты статистика ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соның ішінде, азаматтарды заңсыз қылмыстық істерге тарту мәселесі туралы айта келе Бас прокурор Берік Асылов мынаған баса назар аударды:

«Биыл 3 мыңнан астам адамның заңсыз түрде қылмыстық орбитаға тартылуының жолы кесілді. Азаптау фактілерінің саны бірнеше есе азайды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптауға жол берілген жоқ, суицидтер саны 27% қысқарды».

Сондай-ақ, сотталып кеткен азаматтар арасында жұмысқа орналасқандардың саны 15 көбейген.