Биыл бұл қалада жалпы 17,5 мың неке тіркелген
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы жыл басынан бері тіркелген некелерге қатысты статистика ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері Алматыда 17,5 мың жұп некелерін қидырған. Айта кетері, бұл Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, неке санындағы рекорд.
«Мегаполисте бір күнде шамамен 90 неке қиылады. Некелесіп жатқан қалыңдықтардың орташа жасы – 28, ал күйеу жігіттерің орташа жасы – 31», - деп хабарлайды корпорация.
Некелескен адамдардың арасында көптің таңдайын қақтырған адамдар да болыпты. Мысалы, қалада 85 жастағы қария мен 80 жастағы кейуана ресми түрде некелескен. Олардан басқа, уәкілетті органдар мен ата-анасының рұқсатын алған 16 жасар екі жасөспірім де ресми түрде некелесті.