Қазақстанның оңтүстігін электр энергиясымен қамтамасыз ететін ірі станция келер жылы іске қосылады

Автор: Нұргүл Абай

Электр станциясы Түркістан облысында салынып жатыр

Фото: istockphoto.com

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Түркістан облысындағы 1 мың мегаваттық электр станциясы келер жылдың соңында іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түркістан облысында 1 мың мегаваттық ірі электр станцияны 2026 жылғы желтоқсанда іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол оңтүстік өңірді электр энергиясымен толық қамтуға мүмкіндік береді», - деді Есімханов Мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар, вице-министр Қызылорда қаласында газбен жұмыс істейтін жаңа жылу орталығы салынып жатқанын атап өтті.

«Осы жылдың аяғына дейін бірінші қондырғысын іске қосу жоспарланып отыр. Ал келесі жылдың мамыр айында толығымен қосылады», - деді ол.