Коронавирус инфекциясымен күресуге шілде-тамыз айларында мемлекет бюджетінен 220 млрд теңге бөлінген
5 шілдеден басталатын екінші карантин кезеңінде жұмыссыз қалғандарға үкімет тарапынан 42500 теңге төленбейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімеді.
«42500 теңге Төтенше жағдаймен тікелей байланысты болған. Ары қарай Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, әлеуметтік көмек беруге ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Ары қарай азаматтардың бәрі мүмкіндігінше бұрынғы жұмыс орындарында өз міндеттерін жалғастыра берсін. Мұны карантинмен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ»,-деді ол.
Айта кететіні, коронавирус инфекциясымен күресуге шілде-тамыз айларында мемлекет бюджетінен 220 млрд теңге бөлінді.