ЖЭО-1 бұрыннан газбен жұмыс істейді
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Алматының көмір жағатын жылу электр орталықтары газға толығымен қашан ауысатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Екінші жылу электр орталығы келесі жылдың аяғында, ал 3-ші ЖЭО 2026 жылғы желтоқсан – 2027 жылдың басында толығымен көмірден газға ауыстырылады», - деді Есімханов Мәжіліс кулуарында.
Айта кетері, Алматыдағы бірінші жылу электр орталығы жеті-сегіз жылдан бері газбен жұмыс істейді.