Облыстағы эпидемиялық жағдай нашарлап кеткен
Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Марат Исмайылов аймақта шектеу шараларымен қатар, карантин режимі күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қаулы COVID-19 жұқтырғандарды жатқызатын орындар критериінің пайыздық өлшеміне байланысты жасалған. Бас санитардың мәліметінше, облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда 4 есеге көбейген.
1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында Мемлекеттік комиссияның коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға қатысты шешімі шықпайынша, шаруашылық және басқа салаларда да ерекше шектеу шараларын сақтау.
2. Қаулы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауына арналған.
3. Аталған қаулыны барлық тиісті ведомстволар мен БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізулеріңізді сұраймын.
4. Аталған қаулының орындалуын бақылауды өзім қадағалаймын.
Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.