Бүгін қала тұрғындары 3 балдық жерасты дүмпуін сезді
Алматы қаласында қатты жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін, 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын.
«2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамдық полигоны аумағында MSK-64 сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкінісі күтілмейді», - деді Ерік Әліпұлы.
Естеріңізге салайық, 4 желтоқсанда Алматы қаласында 3 балдық, сондай-ақ Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарының елді мекендерінде 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.