Соның арқасында жедел жәрдем емханалар жұмыс істемейтін уақытта қоңырауларға жедел қызмет көрсетеді деп санайды ДСМ
Денсаулық сақтау министрлігі кешкі және түнгі уақытта жедел жәрдемнің төртінші санаттағы, яғни адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбейтін шақыртуларына тарифті көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Оған сәйкес, тегін медициналық кепілдендірілген көмек аясында жедел жәрдемді қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Тариф бір тіркелген адамға 340 теңгеден 360 теңгеге дейін өседі.
«Жұмыс уақытынан тыс 4-ші дәрежелі жедел жәрдем шақыртулары үшін тариф бір тіркелген адамға 340 теңгеден 360 теңгеге дейін өседі. Бұл жедел жәрдем қызметінің ресурсын арттырып, азаматтардың қоңырауларына жылдамырақ жауап беруге мүмкіндік береді», - делінген құжатта.
Тарифтерді қайта қарау нәтижесінде жедел жәрдем қызметтері емханалар жұмыс істемейтін кешкі және түнгі уақытта қоңырауларға жедел қызмет көрсетеді, деп атап өтті министрлік.
«Осылайша, тарифтің көтерілуі жедел жәрдем қызметінің жұмысын тиімдірек етуге және әрбір қазақстандық үшін медициналық көмекті қолжетімді етуге және уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Құжат 15 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылған.