Ақтөбеде ерекше білімді қажет ететін балалар енді қазақша қосымшадан оқи алады

Автор: Бақыт Шынар

Өңірде бұндай балалардың саны он мыңға жуықтап қалған

Фото: freepik.com

Ақтөбеде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған алғашқы қазақ тіліндегі инновациялық мобильдік қосымшалар әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Сауатты бала» және «Дыбыстар әлемі» деп аталатын қосымшалар ерекше білімді қажет ететін балалардың құқығын теңестіруге бағытталған.

Дереккөзге сүйенсек, өкінішке қарай, өңірде ерекше қажеттілігі бар балалардың саны өскен. 2023 жылы 8 091 бала тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 9 774 балаға дейін жеткен. Маман тапшылығы мен жүктеменің артуы қазақ тіліндегі қолжетімді білім ресурстарының қажеттілігін күшейтіп, жаңа қосымшалардың жасалуына негіз болған көрінеді.

Жобаны Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ғалымдарының арнайы обы жасап шығарған. Зерттеу ерекше білім беру қажеттілігі бар, үй жағдайында оқитын немесе денсаулығына байланысты шектеулері бар балаларға қолайлы білім ортасын қалыптастыруға бағытталды. Қосымшалар балалардың сөздік қорын көбейтіп, артикуляциялық дағдыларын, нұсқауды түсінуі және байланыстырып сөйлеуін айтарлықтай жақсартпақ.