Бұл шығын оны елге экстрадициялауға кеткен
2024 жылдың шілде айында халықаралық іздеуде жүрген сотталушы Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Осы рәсімге мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, осы шығынды өндіріп алу туралы талап арызды Әл-Фараби ауданы прокуратурасы түсірген.
Істі Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарап, шығынды өтеу туралы шешім шығарды.
«Осы жұмыстардың нәтижесінде борышкерден мемлекет пайдасына 1,7 млн теңге өндірілді», - деп хабарлайды Шымкент прокуратурасы.