24.12.2020, 11:51
Сайлау-2021
Ассамблея атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді
Оның қатарында Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі де бар
Сауытбек Әбдірахманов, VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты
Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесі ұсынған Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді тіркеу мәселесі қаралуда:
- Қазақстан халқы ассамблеясының шешімімен Мәжіліс депутаттығына үміткер 9 адам ұсынылды:
- Сауытбек Әбдірахманов – VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
- Аветик Амирханян – БҚО «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Ильяс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;
- Наталья Дементьева – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
- Юрий Ли – «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
- Вакиль Набиев – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;
- Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
- Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
- Абилфас Хамедов – «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттыққа үміткерлерді тіркеу туралы хаттама бекітілді.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды