Іс-шара Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында ұйымдастырылды
13 желтоқсан күні Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалы мен «Киров» әскери-патриоттық клубының өкілдері оңтүстік астананың маңындағы тауларда үгіт-насихат шарасын өткізді.
Белсенділер тобы Фурманов шыңына (биіктігі шамамен 3000 метр) көтеріліп, шың басына ҚХП символикасы бейнеленген үгіт-насихат баннерін орналастырды. Іс-шара Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында ұйымдастырылды.
ҚХП Алматы қалалық филиалының басшысы Әлібек Шапенов атап өткендей, үгіт-насихаттың мұндай форматы тектен-тек таңдалып алынған жоқ.
«Сырттан қарағанда, мұндай әрекет ерекше көрінуі мүмкін. Бірақ біз үшін тау шыңдарын бағындыру – дәстүрге айналған дүние», – деді ол.
Сондай-ақ ҚХП мен «Киров» клубы мұндай бірлескен шараны бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырған болатын. Бұған дейін олар «Турист» шыңын (3954 метр) бағындырған еді. Ол кездегі шара партияның 16 жылдығына арналған болатын. Осы жылдың тамыз айында партияның бір топ белсендісі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының 100 жылдығына орай «Пионер» шыңына (4031 метр) көтерілді. Бұл жолы жылдың мезгілі мен ауа райын ескеріп, Фурманов шыңын бағындыру қолға алынды.
Температураның төмендігі мен тау жолдарының қаттылығы таңдалған маршруттың күрделі болатынын бірден байқатты. Десе де, діттеген мақсатқа жетпей тыңбайтын табанды альпинистер шыңды ойдағыдай бағындырды.
ҚХП Алматы қалалық филиалы Жастар қанатының жетекшісі Тұрсынғали Әліптің айтуынша, бұл жолғы үгіт-насихат шарасы романтикалық әрі патриоттық сарында өрбіді.
«Алматы – таулы шаһар. Қалалықтар салауатты өмір салтын, демалыстың осындай түрлерін жақсы көреді. Біз де осы үдеден шығуға тырысамыз», – дейді ол.
Альпинизм – спорттың бір түрі. Ол физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар жауапкершілікті, тәртіп пен ұжымдық іс-қимылды, табандылықты талап етеді. Тек осының арқасында ғана биіктікті бағындыруға болады. Мұндай қасиеттер саясатта да керек.