Елордада «Ауыл» партиясы штабының ашылу салтанаты өтті
Елімізде 2020 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтеді
Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» ХДПП республикалық қоғамдық штабының ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар З.Әліпбек, Д.Кәпұлы, Б.Төлеген, А.Саттаров, А.Кукеева қатысты.
«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ 17 өңірлік штабтың қызметкерлері онлайн режимінде қатысты.
«Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаев кіріспе сөз айтып, үгіт-насихат науқанның негізгі акценттерін атап өтті.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Т.С. Рахымбеков штабтың дайындығы туралы баяндады. Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларында «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша, оған барлығы 625 адам депутаттыққа кандидат ретінде ресми тіркелді, оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісіне-19 адам, облыстар мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына – 98 адам, облыстық маңызы бар аудандық және қалалық қалаларға – 508 адам. Үгіт-насихат науқанына 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қалада 17 өңірлік штаб өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, әр аудан орталығында аумақтық штабтар ашылды.
Партия ашылу салтанатында сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. (Бағдарламаның толық мәтінімен «Ауыл» партиясының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында танысуға болады)
Үгіт-насихат науқаны кезінде онлайн режимінде өңірлерде сайлаушылармен кездесулер, акциялар, дебаттар, флэшмобтар өткізіледі. Әр түрлі деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар «Ауылдан ауылға» акциясы шеңберінде шалғай ауылды қамти отырып, әрбір ауыл тұрғынымен кездеседі және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Пандемияға байланысты үгіт-насихат кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігі өңірлерге ескертілді.
Штабтың ашылу салтанатынан Facebook-тегі ресми аккаунтында БАҚ өкілдері үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.