Ол Головкиннің ерен еңбегіне лайықты баға берілгенін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл — Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды», — делінген құттықтауда.
Айта кетсек, Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Ол World Boxing президенті лауазымына жалғыз үміткер болған еді.