20.11.2025, 12:38
Спорт
Головкин World Boxing президенті лауазымына жалғыз үміткер болып қалды
Басқа кандидаттар өз еркімен бас тартты
Фото: t.me/olympickz
Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына жалғыз үміткер болып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеше Грекия боксы федерациясының президенті Харис Мариолис өз кандидатурасынан бас тартқаны белгілі болды. Бұған дейін Владимир Кличко да сайлауға қатыспайтынын жариялаған еді.
Осылайша, апта соңында Римде (Италия) жоспарланған сайлауда Головкин ұйымның жаңа президенті болып сайлануы тиіс.
Еске салайық, World Boxing 2023 жылдың сәуірінде ХОК пен IBA (бұрынғы AIBA) арасындағы қарым-қатынастың үзілуінен кейін боксты олимпиадалық бағдарламада сақтау мақсатында құрылды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады