Ол Хельсинкидегі соңғы кезеңнен кейін финалға өтті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при сериясының финалына іріктеліп, жарыстың шешуші кезеңіне өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
22 қараша күні Финляндияның Хельсинки қаласында ерлер арасындағы Гран-при сериясының соңғы кезеңі аяқталды. Жарыста жеңісті жапониялық Юма Кагияма еншілеген.
Ал барлық алты кезең бойынша есептелетін жалпы рейтинг нәтижесінде Михаил Шайдоров 24 ұпай жинап, үздік алты спортшының қатарына кірді.
Гран-при қорытындысы бойынша финалға жолдама алған мәнерлеп сырғанаушылар:
Қазақстандық спортшы осылайша өзінің маусымдағы ең маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізді.
Гран-при сериясының финалы 4–7 желтоқсан аралығында, Жапонияның Нагоя қаласында ұйымдастырылады. Осы кезеңде спортшылар маусымның басты наградалары үшін тартысады.