Түркіменстан президенті 63 жасқа толып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті», - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.