Александр Стубб бүгін Ақордаға келген
Финляндия президенті Александр Стубб фин компаниялары Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
«Бүгінгі кездесулерге дайындық барысында делегациядағы кәсіпкерлердің бірі «Қазақстандағы өзгерістің бәрі жедел жүріп жатқанын түсіну керек. Сондықтан баяу қимылдап, бюрократияға жол беруге болмайды» деді. Бұл дамудың даңғылына түскен елдеріміз үшін қуанарлық жағдай, – деді Финляндия президенті.
Бұл келіссөз кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропа Одағындағы басты сауда серіктесі деп бағалаған еді.