Тоқаев Чех Республикасының президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан президенті чех халқына құт-береке тіледі

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі», - деп хабарлайды Ақорда.