Тоқаев Трампқа хат жолдады

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан Президенті саммитке қатысуға шақырғаны үшін АҚШ басшысына шынайы ризашылығын білдірді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды», - деп жазылған хабарламада.