Ғылымға еңбегі сіңген азаматтарға әл-Фараби атындағы, ал гуманитарлық ғылымдағы үздіктерге А.Байтұрсынұлы атындағы сыйлық берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық келесі ғалымдар мен мамандарға берілді:
«Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы» тақырыбы бойынша еңбегі үшін:
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Мәліс Құдысұлы Әбсәметовке;
«АлматыГидроГеология» ЖШС бас директоры Рахматулла Аязбаевқа;
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Итеменұлы Көлдеевке;
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» директорының ғылым жөніндегі орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Ермек Жәмшитұлы Мұртазинге;
Аталған институттың өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Владимир Александрович Смолярға.
«Кондициялық емес түсті металлургия шикізатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауіпсіз вакуум-термиялық технологиясын дайындау және оның өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақдәулет Кенжәліұлы Кенжәлиевке;
Институттың вакуумдық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Валерий Николаевич Володинге;
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы Ержан Арыстанбекұлы Оспановқа;
«Металлургия және кен байыту институты» бас директорының орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сергей Анатольевич Требуховқа;
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасының бастығы Александр Александрович Шахаловтарға берілді.