Тоқаев пен Әлиев Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Автор: Бақыт Шынар

Олар Astana Hub инновациялық кластерін де аралап көрді

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жаңа жетістіктермен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, премьер-министрдің орынбасары әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев  AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасын таныстырды. Бұл жүйе мемлекеттік үдерістерді басқару мен талдауға және GovTech шешімдерін қабылдауға арналған.

Екі президент сондай-ақ Smart City технологиялары, робототехника аймағы, және түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған «Самұрық-Қазына» қорының жобаларын көрген.

Мемлекет басшылары Astana Hub инновациялық кластерін де аралап көрді. Қазіргі таңда мұнда 1800-ден астам IT-компания мен стартап, соның ішінде шетелдік үлесі бар 460-тан астам компания тіркелген.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін көріп, білді