Тоқаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

«Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.